«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Мамлют аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК 2026 жылғы 15 маусым мен 19 маусым аралығында аудандық ауруханада мынадай бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды:
- кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- кәсіпорынның ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Барлық мүдделі тұлғалар талдау жүргізу кезінде жұмыс тобының құрамына қатыса алады.
Қатысу сұрақтары бойынша ағымдағы жылдың 5 маусымына дейін 8-715-41-2-07-33 немесе WhatsApp: 8-705-861-04-00 телефондары арқылы хабарласуға болады.

01.06.2026
Қараулар: 71
Қараулар: 71












