Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі

«Мамлют аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК пациенттерді қолдау қызметінің төрағасы-Ескендіров Марат Бимуханұлы, телефон: 8 7479874339 

Сәлеметсіз бе!

Сізді Солтүстік Қазақстан облысы «Мамлют аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Пациенттерді Қолдау және ішкі бақылау қызметі, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, мектеп - интернат көшесі № 17 қолдайды.

Біздің медициналық ұйымымызда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес пациентті қолдау қызметі құрылды.

Пациенттерді Қолдау Қызметінің функциясына медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау жатады.

Егер Сіз:

* медициналық қызмет көрсету сапасына наразы болып қалсаңыз;

* аурухананың медициналық қызметкерлерінің дөрекі көзқарасына тап болсаңыз;

* тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақшалай қаражатты бопсалау фактілеріне тап болсаңыз;

* сондай-ақ, егер Сіз медициналық көмек көрсетудің тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемаларға тап болсаңыз, Сіз Пациенттерді Қолдау Қызметіне жүгінуге құқылысыз.

Сіз өзіңіздің деректеріңізді көрсете отырып, жазбаша өтінішіңізді (т.а.ә., телефон) қабылдау бөлмелері мен клиникалық бөлімшелерде орналастырылған өтініш жәшіктерде қалдыра аласыз. Сондай-ақ, Сіз біздің «Директор блогы» сайтына жүгіне аласыз.

Пациенттерді Қолдау Қызметі Сіздің өтінішіңізді 5 жұмыс күні ішінде қарайды және Сіздің өтінішіңізді қарау нәтижелері бойынша ақпарат береді.

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz