Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

 

Жалпыға бірдей құқықтық оқыту 

2026 жылғы 17 маусымда «Мамлют аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның мәжіліс залында Мамлют аудандық ауруханасы директорының міндетін атқарушы Коробкова М.Г.-ның төрағалығымен аурухананың комплаенс-офицері Литвиненко А.В. аудандық аурухананың қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық» тақырыбында құқықтық жалпы оқыту өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

«Мамлют аудандық ауруханасы» ШЖҚ КММ (бұдан әрі - Кәсіпорын) денсаулық сақтау саласының сенімді және ашық институты ретіндегі өзінің беделін жоғары бағалайды және клиенттер кәсіпорынның алға қойған міндеттерін адал, әділ және риясыз орындауын және мемлекеттік саясатты жүзеге асыруын күтетінін түсінеді.

Осы мақсатта кәсіпорында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі құрылды, ол кәсіпорын қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын, ішкі және сыртқы ережелерді, рәсімдерді, әдеп пен деонтологияны, сондай-ақ ұжымдық басқару жүйесін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.

Комплаенстің негізгі функциялары: сыбайлас жемқорлықты анықтау және алдын алу; мүдделер қақтығысын тиімді реттеу; кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіби этика талаптарын сақтауын бақылау.

Сыбайлас жемқорлық/ алаяқтық фактілерінің алдын алу, болдырмау не анықтау мақсатында кәсіпорынның қызметкерлері мен клиенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке құпиялылықты қамтамасыз ететін мынадай тәсілдердің кез келгенімен хабарлай алады:

  • WhatsApp +7-705-372-81-76
  • Сенім телефоны: +7 /71541/ 2-07-32
  • E-mail: mamcrb@mail.ru
Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz